(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНК ШОТТАРЫНЫҢ БАР-ЖОҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІ ТУР...

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 13) және 14) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтердің нысаны;

1-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны;

1-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.