(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ ТІРКЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН...

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

2-қосымша

 

Осы редакция 2024 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

(2021.30.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 417 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - бейрезидент туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - СТ МДҚ) енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы - бейрезидент туралы мәліметтерді СТ МДҚ енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы- бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.