Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 124 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арқалық қаласының әкімі | А. Асанов |
Арқалық қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 17 сәуірдегі
№ 124 қаулысына
қосымша