ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 927 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат):
1) тармақшада «және сыртқы» деген сөздер алып тасталсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: