«Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 528 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 317 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 818-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәмілеге қатысушы Комитетке мыналарды:»;
5) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комитет мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға арналған өтінішін мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.