«Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы

Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы

 

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенімді өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Аттестаттау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1319 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17326 болып тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 736 бұйрығымен бектіліген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29407 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.