«2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-29/8 шешімі (2023.22.12. берілген өзгерістермен)

2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-29/8 шешімі

(2023.22.12. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Қызылорда қалалық мәслихатының 2023.18.08. № 56-7/8 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.14.11. № 79-10/8 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.22.12. № 99-12/8 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 448 958,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 8 737,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 182,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 440 039,7 мың теңге;

2) шығындар - 449 552,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 593,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 593,9 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0.

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -593,9 мың теңге.

2. Қалалық бюджеттен Қосшыңырау ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2023 жылға - 111 123,0 мың теңге, 2024 жылға - 120 023,0 мың теңге, 2025 жылға - 129 230,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.