Кентау қаласы ауылдарының және елді мекендерінің шекараларын (шегі) белгілеу туралы
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 5 мамырдағы № 158 қаулысы және Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 183 бірлескен шешiмi
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласының келесі ауылдарының және елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:
1) Кентау қаласы Қарнақ ауылының шекарасының (шегі) жалпы алаңы 35 901 гектар болып белгіленсін;