Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 293 бұйрығы
(2026.16.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 451) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.31.07. № 385 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және