«Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 101 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:
«6-1-параграф. Балық аулау
85-1. Балық аулауды жүргізу кезінде Өндіруші балық аулау жүргізілетін су айдынының экологиялық жүйесінің өсімін молайтуды қолдау мен жақсартуды және су және басқа да табиғи ресурстарын сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ су айдынының экологиялық жүйесіне теріс әсер етуге жол берілмейді.
85-2. «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 болып тіркелген) бекітілген балық аулау тәсілдері осы Қағидалардың 6-параграфының және Заңның 3-тарауының талаптары мен шарттарын сақтау үшін Өндірушінің актілерінде сипатталады.»;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: