«Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығы (2023.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығы

(2023.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.15.08. № 260 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.15.08. № 260 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.15.08. № 260 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.