«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 476 Қаулысы (күші жойылды)

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 476 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған кезде салымшы (алушы) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда, уәкілетті ұйым міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт туралы мәліметтерді енгізеді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде қосымша ақпарат түрінде көрсетеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.