Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысаны бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14399 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;