Табиғи монополиялар салаларында әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 37 бұйрығы
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру» әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - «Желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру» Үлгілік қағидалары);
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Объектіні берілген техникалық шарттардың сәйкестігіне қосуға дайындығын тексеру» әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - «Объектінің берілген техникалық шарттардың сәйкестігін қосуға дайындығын тексеру» үлгілік қағидалары);
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
1) осы бұйрықпен бекітілген «Желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды беру» үлгілік қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады: