Автомобиль жолдары туралы
2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)