«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 232 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 232 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Арнайы есепке алу бөлімі:

мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы мәліметтерді сотталғандардың қозғалысын есепке алуға және жеке істерін тіркеуге арналған журналға (бұдан әрі - журнал) еркін нысанда жазады;

әрбір сотталғанға жеке іс арнайды;

Бұл ретте, жеке істерді есепке алу жазбалары жариялауға жатпайды және кәсіптік міндеттері осындай есепке алу деректеріне қолжетімділіктің болуын талап ететін адамдарға ғана ұсынылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.