«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 263 бұйрығы (2023.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 263 бұйрығы

(2023.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22513 болып тіркелген) бекітілген Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Мынадай:

1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 21;

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 503 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 651 бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 883 бұйрықтарының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.