«Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 170 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:
19-тармақта екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
22-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Кен орнын жою немесе консервациялау кезінде есептен шығару немесе оларды қазіргі уақытта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе техникалық және технологиялық тұрғыдан мүмкін емес, бірақ одан әрі баланстық (рентабельді) қорларға (минералды қорларға) ауыстырылуы мүмкін қалған қорларды баланстан тыс қорларға немесе ресурстарға ауыстыру жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы немесе KAZRC-ге сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның есебі негізінде жүзеге асырылады.»;
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: