«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің зияткерлік меншік саласы бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 989 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің зияткерлік меншік саласы бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 989 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

 

Е. Сарсембаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 989 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

1. «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.