«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 8 қазандағы № 359 бұйрығы

«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 8 қазандағы № 359 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3-2/288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық кітапты жүргізу қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымдық кітап (бұдан әрі - АТК) жүргізу тәртібін айқындайды.

2. АТК осы Қағидаларға 1-қосымшаға асыл тұқымдық кітап жүргізілетін жануарлардың тұқымдарының тізіміне енгізілген жануарлар тұқымдары бойынша жүргізіледі.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. АТК бойынша малдың нөмірі үш белгіден тұрады (жылқылар туралы деректерден басқасы):

1) бірінші белгі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық кітапқа асыл тұқымды жануарлар туралы деректерді енгізу кезінде облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға берілген марканы білдіретін бір әріптен тұрады;

2) екінші белгі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұқымдарға берілген марканы білдіретін бір, екі, үш немесе төрт әріптен тұрады;

3) үшінші белгі АТК бойынша берілген жануардың реттік нөмірін білдіретін бірден беске дейінгі цифрдан тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.