Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 608/НҚ бұйрығы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Байланыс құралдарын орналастыруға арналған орындарды, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізуге арналған электр беру әуе желілерінің тіректерін мүліктік жалдауға (жалға) берудің шекті тарифтерін реттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланған кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.