«Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 225 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру кезінде:
«00» коды формулярды Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін 16 жасқа дейінгі балаларға беруге толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері жазылады, баланың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуына тексеру жүргізілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) формулярдың сыртқы жағындағы бос орынға көрсетіледі.
Балалардың жеке басын сәйкестендіру үшін олардың жеке қатысуы талап етіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ және туу туралы куәліктерінде ЖСН-ы көрсетілмеген 16 жасқа толмаған балаларға оны генерациялау ХҚТ ТП ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.