Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 4 қарашадағы
№ 560 бұйрығына 5-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Сәулет-қала құрылысы жұмыстары»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: кәсіптік стандарт «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, кәсіптік біліктілікті тану және персоналды басқару үшін ЭҚЖЖ 71.11.2 ішкі сыныбы бойынша сәулет және қала құрылысы жұмыстарын орындайтын жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды белгілейді
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) авторлық сүйемелдеу - құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
2) мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумақтарында қолданылатын мемлекетаралық құрылыс нормалары мен қағидалар жинағын, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын, нормативтік құжаттардың, қағидалар мен басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі;
3) қала құрылысы жобалары - аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);