Банктiң салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша
мөлшерленуі тиіс активтер есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетiлген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуi бар (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-17-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетiлген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкiндiк беретiн барабар есепке алу жүйелерi болған кезде түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн қарыздар.
Түзетiлген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-17-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Банк инвестициясының есебiне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтердiң (банк инвестициясының есебiне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) есебiне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Банк инвестициясының есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын, резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етуінің болу-болмауына қарамастан, салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Банк активтерінің кестесіне сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекелдің, нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
тұтынушылық кредит деп сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
6. Егер исламдық бағалы қағаз шығарылымының арнайы рейтингiне ие болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктер үшін
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтік мәні
мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Банк капиталының құрамындағы құралдарды
жіктеуге арналған критерийлер