«Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 238 Қаулысы (2026.03.03. берілген өзгерістермен)

Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 238 Қаулысы

(2026.03.03. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27 және 85-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысының су қорғау аймақтары және белдеулері осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

4. «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі

М. Сұлтанғазиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.