«Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 3-қосымша) (2018.27.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 301 бұйрығына

3-қосымша

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды

 

«Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге,

құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге,

 монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.27.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетики министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет»веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Энергетика министрінің 2018.27.12. № 537 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.