«Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудің кезеңдiлiгiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 452 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудің кезеңдiлiгiн бекiту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргiзу қағидалары;