«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 6314 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.

Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған;

1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.