«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 61 Қаулысы

«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпандағы № 61 Қаулысы

 

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4002 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;

5-тармақтағы «кәсіпкерлік және сауда мәселесі бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;

12-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

15-1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«15-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді және қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру бекітілген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.