Кәсіптік стандарт: «Жер құрылыс жұмыстары» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қазандағы № 544 бұйрығына 3-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің міндетін

атқарушының

2026 жылғы 29 қазандағы

№ 544 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Жер құрылыс жұмыстары»


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіптік стандарт «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мыналар үшін қолданылады: күрделі құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау және демонтаждау кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың біліктілігіне, білімі мен дағдыларына қойылатын талаптарды айқындау; тиісті бейіндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеу; біліктілік бағдарламаларын және персоналды оқыту бағдарламаларын әзірлеу; жұмыскерлердің кәсіптік біліктіліктерін тануды жүргізу.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

4) машық - кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.