(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2020 – 2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2020 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 Қаулысын қараңыз

 

1-бап. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 11 206 484 096 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 7 960 584 715 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша -121 320 478 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4 497 700 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 120 081 203 мың теңге;

2) шығындар - 12 472 234 598 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 196 473 831 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 306 167 753 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 109 693 922 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 135 898 818 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 135 898 818 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 598 123 151 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,1 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 317 499 751 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 7,1 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 598 123 151 мың теңге.

 

2-бап. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 43 700 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 614 820 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2020 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.