Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 59 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10454 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелердегі қызмет жарғысында:
38-тармақ алып тасталсын;
2) «Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тасымалдау кестесінің өзгеруі туралы ақпаратты тасымалдаушы өзінің интернет-сайтында және (немесе) теңіз портындағы ақпараттық таблода орналастырады, билеттерді сатып алған жолаушыларды хабарлауды тасымалдаушы осы жолаушылардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлеріне хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Балаларға арналған және жеңілдетілген билеттер: он алты жасқа толмаған балалар үшiн туу туралы куәлiгi, азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдікті билеттерді сатып алу үшін жеңілдіктерді көздейтін құжаттар болған жағдайда ресімделеді. Көрсетілген құжаттардың болмауы және (немесе) қате ресімделгені көзделген жеңілдіктерді ескере отырып, билетті беруден бас тарту үшін негіз бола алады.»;
21 және 22-тармақтар алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: