«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 111-Ө бұйрығы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 111-Ө бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы су көлік құралдарының заттай нормалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.