(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘРТҮРЛІ НЫСАНАЛЫ ТОПТАР ДЕҢГЕЙІНДЕ ДЕКОМПОЗИЦИЯЛАНҒ...

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 жылғы 8 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:

1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1147 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.