Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 144/5 қаулысымен
бекітілді
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.21.06. № 195/5 Қаулысымен барлық мәтіні бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.21.06. № 195/5 Қаулысымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» деген сөздері тақырыбында және барлық мәтіні бойынша сөздер «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.21.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі грант беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау