«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 697 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 697 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Қ.И.Миятов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары-

Қаржы министрі

 

 

Е. Жамаубаев

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қаржы министрінің

2022 жылғы 12 шілдедегі

№ 697 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2016

жылғы 14 маусымдағы

№ 306 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитеті туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын:

1) салықтық және кедендік әкімшілендіру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.