Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 175 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібінде және олардың тізбесінде, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарында:
3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы - Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.»;