Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 30/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/HҚ бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қарашада жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/нқ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 92/нқ бұйрығының (2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.