Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің м.а.
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 114 бұйрығына 5-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Жолаушылар тасымалының логистикасы»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Жолаушылар тасымалының логистикасы» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілейді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқыту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) агломерациялық тасымалдар - орталық қаланы және көлік желісі дамыған жақын маңдағы елді мекендерді қоса алғанда, қалалық агломерацияны қамтитын жолаушылар тасымалы;
2) ақпараттандыру жүйесі - жолаушыларға кесте, маршруттардың өзгеруі, кідірістер және басқа да оқиғалар туралы ақпаратты жеткізуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
3) ауысымдық-тәуліктік жоспарлау - жолаушылар ағынына үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін ауысымдар мен тәуліктер бойынша жұмыс пен көлік қозғалысын бөлу процесі;
4) аялдама пункттері - көшелерде, станцияларда немесе мамандандырылған платформаларда аялдамаларды қамтитын маршрутта жолаушыларды отырғызу және түсіру орындары;
5) багаж - жолаушылардың өздерімен бірге көлік құралында тасымалданатын жеке заттары;