Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI шешімі
(2022.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 11/2-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 54/10-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6904 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022.25.01. № 16/2-VII шешімімен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы