Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он үн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық құндылықтарды шығару
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құңдылықтарды тендер нысанында шығару тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кесімді баға - тендерлік комиссия айқындаған және тендер өткізу туралы хабарламада жарияланған материалдық құндылықтардың бір бірлігі үшін бастапқы баға;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.