(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...

Предыдущая страница

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;

7) сақтандыру омбудсманы;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

10) уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында жасалған ақпарат алмасу туралы келісім негізінде шетелдік ұйымдар;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

11) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде өзге де тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта аталмаған өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында аталған сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру сақтандыру есептерінің қолжетімділік деңгейлеріне және түріне қарай жүзеге асырылады:

1) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;

2) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 2-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;

3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы алушымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін, ал қалған субъектілер бойынша тек дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде алуға құқылы;

4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;

5) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;

6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар өзі туралы ғана қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;

7) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;

8) пайда алушы өзінің жәбірленуші құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;

9) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;

10) сақтандыру омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

11) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алатын кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

12) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар қолжетімділігі стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;

13) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар дерекқор субъектісінің жазбаша келісімі болған кезде қолжетімділігі стандартты және шектеулі сақтандыру есептерін алуға құқылы.

Екінші бөліктің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік осы 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңның 2-бабының 9-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 3-1), 3-2), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Ұйым осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған алушыларға сақтандыру есебін ұсынуды олардың сұрау салуы негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.

Екінші бөліктің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік осы 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңның 2-бабының 9-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

Сұрау салуды өзі туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде қамтылатын, ұйымға сұрау салу беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1), 3-2), 4), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, қолжетімділігі стандартты және (немесе) шектеулі сақтандыру есептерін алушылардың атынан жазбаша нысанда береді.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.

 

81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2023 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік осы 2022.12.07. № 138-VІІ Заңның 2-бабының 7-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұрын бұзу, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) сыныптары бойынша ұсынады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында аталған ақпарат беруші әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-2. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасында аталған ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақпаратты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға беретін ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде электрондық түрде береді.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға ақпаратты берген кезде оны бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 3-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады.

 

82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Ұйым:

1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;

2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;

3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;

4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.

Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;

5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;

6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;

7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;

8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) электрондық мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:

берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;

Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;

12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасасқан сақтандыру шарты туралы мәліметтердің дерекқорда бар екендігі туралы ақпаратты оған беруге;

14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:

сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға және сақтандыру шарттарын жасасқан кезде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға;

осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен алып тастауға міндетті.

2. Ұйым:

1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;

3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) кәсіпкерлік қызметке байланысты ақпараттық материалдарды өзін-өзі реттейтін ұйымнан сатып алуды жүзеге асыруға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) дерекқорды қалыптастыру және пайдалану үшін ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінен алуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды

3-3) сақтандыру есептерін алушыларға сақтандырылған көлік құралының тарихы жөнінде ақпаратты беруге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

3. Ақпарат берушілер:

1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;

2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;

3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;

4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) электрондық мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;

6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;

7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.

4. Ақпарат беруші:

1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Заңның бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы:

1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;

4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;

5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.

6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

7. Дерекқор субъектісі:

1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;

2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;

3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;

4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

 

83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары

Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:

1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;

2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;

3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;

4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;

5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;

6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;

7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;

8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;

9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;

10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;

11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.

Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.

Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:

1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;

2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.

 

84-бап. Ұйымға тіркелу

Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:

1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;

3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.

Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.