Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы
(2024.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.16.06. № 451 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.04. № 266 бұйрығымен (2023 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2016.16.06. № 451 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.26.04. № 266 бұйрығымен (2023 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7533 тіркелді, 2012 жылғы 30 маусымдағы № 207-208 (27026-27027) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);).