(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004 ЖЫЛ...

Предыдущая страница

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 30-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

30-4) интернет-трафик - белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке қосу арқылы берілетін және қабылданатын ақпарат көлемі;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 30-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

30-5) интернет-трафик алмасу нүктесі - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;

31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

31-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

32-1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды

32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі - телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;

33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;

34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36-1) қалааралық трафикті өткізу - қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36-2) қауіпсіздік сертификаты - шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 36-3) тармақшамен толықтырылды

36-3) қорғалған байланыс - ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);

36-4) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы:

тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;

уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;

39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;

39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 40-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

40-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

40-2) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 40-3) тармақшамен толықтырылды

40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

40-4) 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;

42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;

43) пошта байланысы - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

44) пошта жөнелтілімдері - пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабарлар, жіберілімдер;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 44-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған байланыс;

 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46) радиобақылау - радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібінің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдеріне арналған нормалардың бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 46-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

46-1) радиобөгеуіл - радиоэлектрондық құралдармен радиосигналдарды қабылдауды немесе беруді нашарлататын және ақпарат қателігіне немесе оның жоғалуына алып келетін электрмагниттік әсер;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, қайта бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;

48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

48-1) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) - байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану мақсатында қолданып отырған пайдаланушыға бос атылған жиілік диапазонының орнына жиілік диапазондарының радиожиілік спектрін бере отырып, берілетін жиілікке ауысу үшін қажетті барлық шығындарын өтеп, иелікке берілген қолда бар жиіліктерді қандай да бір нақты жиіліктер белдеуінен толық немесе ішінара шығаруға бағытталған шаралар кешені;

49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;

50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

51-1) санкцияланбаған трафик (фрод) - трафикті өткізуді жəне өзара есеп айырысу тəртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу жəне олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 51-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

51-2) спутниктік байланыс желісі - ғарыштық және жерүсті сегменттерді қамтитын, спутниктік байланыс жүйелері пайдаланылып құрылатын және абоненттер және (немесе) пайдаланушылар мен байланыс желілері арасындағы байланыс сигналдарын қабылдауға, беруге және бағдарлауға арналған телекоммуникациялар желісі;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 51-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

51-3) спутниктік байланыстың жерүсті станциясы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, байланыс спутниктері арқылы сигналдарды беруді, қабылдау мен өңдеуді және спутниктік байланыс желісінің ғарыштық және жерүсті сегменттері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

52) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;

54) телекоммуникация желілерінің күзет аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғандағы жер учаскесі;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

 56) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;

57) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;

58) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне жалғау - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болады;

59) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;

60) телефон жалғанымы қызметтеріне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметтерге ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы абоненттік желінің түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыны және жергілікті телефон жалғанымының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай оның берілгені үшін төлемақыны қамтитын, қызметтерге ақы төлеу жүйесі;

61) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;

62) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

63) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

64) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;

64-1) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 64-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

64-2) тіркелген сымсыз қолжетімділік - тіркелген байланыс және жылжымалы байланыс желісі пайдаланылған байланыс түрі;

65) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 65-1) тармақшамен толықтырылды

65-1) ұйымдастырушылық-техникалық іс-шара - телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістер мен шешімдердің жиынтығы;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 66) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;

67) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 67-1) - 67-4) тармақшалармен толықтырылды

67-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы - осы Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;

67-2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры - мынадай:

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін);

ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 67-3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды бар техникалық құрал;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 67-4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау - ұялы байланыс абоненттік құрылғысының Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланылуының құқыққа сыйымдылығын растау мақсатында ол туралы мәліметтерді тексеру;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 67-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 67-5) тармақша жаңа редакцияда

67-5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды - дайындаушы-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 67-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 67-6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

67-6) ұялы байланыстың виртуалды операторы - ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 67-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

67-7) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер - іргетас түрінде жерге тереңдетіп көмілмеген, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

68) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;

69) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

70) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 70-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

70-1) хабарламаларды кеңінен таратып беру технологиясы - белгілі бір географиялық аймақта ақпараттық хабарламаларды дереу жеткізуге арналған ұялы байланыс желілерінде мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату;

71) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен жалғайтын байланыс жолы;

72) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

73) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 73-1) тармақшамен толықтырылды

73-1) халықаралық трафикті өткізу - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясы мен басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциялары арасында қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 73-2) тармақшамен толықтырылды

73-2) халықаралық түйісу нүктесі - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;

2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 73-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

73-3) шақыру - басқа абоненттің абоненттік құрылғысымен дауыстық қосылуды орнату жөніндегі абонент әрекеті;

74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;

75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;

77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;

78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

 

2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау

 

4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау

1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелуді, тіркеуді, өткізуді жəне қолдануды GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларына сəйкес байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.

GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторлары оларды уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қайта тіркеуі немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізуі мүмкін.

 

5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері

Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:

1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;