2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін техникалық жағынан қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) ұялы байланыс желілерінің жиілік-аумақтық жоспарларын келісуді;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын əзірлеуді;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10) байланыс сапасының жай-күйі бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиіліктерді іріктеуді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) киберқауіпсіздікті куәландырушы орталықты ұйымдастыруды және техникалық қолдап отыруды жүзеге асырады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органмен және қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
3) 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады және ол радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелікке беру (тағайындау) рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады.
Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрін және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындауды радиожиілік органдары жүзеге асырады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеуді оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) үшін әрбір байланыс операторы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырады.
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылар келтіретін индустриялық бөгеуілдер деңгейі техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың индустриялық радиобөгеуілдерден сыртқы қорғалуы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген нормалардан төмен болмауға тиіс.
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Байланыс операторларының геостационарлық емес спутниктерінің абоненттік құрылғылары электрмагниттік үйлесімділіктен өтпейді. Геостационарлық емес спутниктік байланыс операторының абоненттік құрылғысы басқа техникалық құралдарға басқа жиіліктерде радиобөгеуілдер жасаған кезде геостационарлық емес спутниктің абоненттік құрылғысының иеленушісі байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесіне сәйкес, уәкілетті органның талабы бойынша мұндай құрылғыны ажыратуға не оның орнын ауыстыруға тиіс.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау), жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлектеу және иелікке беру (тағайындау) жөніндегі жалпы ережелер
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында радиожиіліктер спектрін пайдалану:
1) пайдаланушылардың радиожиілік спектріне қол жеткізуінің рұқсаттық тәртібі;
2) мемлекеттік басымдықтар ескеріле отырып, барлық пайдаланушылардың радиожиілік спектріне тең қол жеткізу құқығы;
3) радиожиілік спектрін пайдаланудың ақылы болуы;
4) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзім белгілемей бөлектеуге, иелікке беруге (тағайындауға) жол бермеу;
5) осы іс-шараларға жұмсалатын шығыстардың орны толтырыла отырып, радиожиілік спектрін пайдалануды конверсиялау;
6) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану рәсімдерінің айқындығы және ашықтығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сай, уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонында жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру, бөлектеу және иелікке беру тәртібін радиожиілік органдары әзірлейді.
Бұдан бұрын конкурстық негізде берілген жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру жағдайларын қоспағанда, телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар арасында бөліп беру олардың телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану мақсаттары өзгертілмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс өткізбей бөлінеді.
4. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін.
5. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін және Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін беретін рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:
1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету және байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік үшін, оның ішінде ұялы байланыстың виртуалды операторының қызметі үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді және байланыс желілерін бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.
Ұялы байланыс операторы техникалық мүмкіндік болған және байланыс желісінің жүктемесі болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұялы байланыстың виртуалды операторына өзінің байланыс желісі инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұялы байланыс операторы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шартты жасасу кезінде виртуалды оператор ұялы байланыс қызметтерін ұсына алатын технология түрін көрсетеді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Байланыс операторларына және радиожиілік спектрін өндірісішілік қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануды көздейтін тұлғаларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар белгіленген үлгідегі өтінімдер уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей беріледі.
Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі немесе стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың типі мен техникалық өлшемдері, радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сәйкес рұқсаттың қолданылу мерзімі, сондай-ақ елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі.
Конкурс қорытындылары бойынша берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттардан басқа, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың қолданыстағы жоспарының кезеңіне сәйкес келуге тиіс.
Байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ радиожиілік спектрін бір жыл ішінде пайдаланбауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
Уәкілетті орган байланыс операторларының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер ұсыну жөніндегі қосымша міндеттемелерін белгілей алады.
7. Өтінім берушіге азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден мынадай негіздер бойынша:
1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса;
7) 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сәйкес келмесе;
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) уәкілетті органның:
байланыс саласындағы перспективалы технологияларды іске асыру мақсатында, оның ішінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарына сәйкес жиілік белдеулері перспективалы технологияларға ауысқан жағдайда;
радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша бас тартылады.
8. Мемлекеттің қорғанысы және қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-тармақ жаңа редакцияда
8-1. Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша:
1) пайдаланушының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ерікті қайтару туралы өтініші бойынша;
2) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмағанда;
3) байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес үш тоқсанға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлемегенде;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат берілгеннен кейін екі жыл өткен соң ол пайдаланылатын әрбір елді мекендегі және (немесе) аумақтағы халықтың кемінде отыз пайызына көрсетілетін байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмағанда;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)