«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына 1-қосымша) (2018.20.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 1 маусымдағы

№ 346 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.04. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:

1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.