«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығы (2015.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы

(2015.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2015.25.12. № 144 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Ұлттық экономиканы жаңғырту мақсатында және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана қаласының аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - Орталық) құрылсын.

2. ҚР Президентінің 2015.25.12. № 144 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп:

1) Орталықты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналастыра отырып, оның 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) 2015 жылғы 1 маусымға дейін Орталықты құру және дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітсін;

3) 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

Орталықты құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде әлемнің жетекші қаржы орталықтары стандарттары негізінде, Орталықтың іс қағаздарында, оның ішінде сот ісін жүргізуде ағылшын тілін пайдалана отырып, ағылшын құқығының қағидаттары мен нормаларында Орталықтың қатысушылары арасындағы қатынастарды реттеуді көздейтін;

дауларды қарау кезінде, оның ішінде инвестициялық дауларды қарау құқығымен шетелдік судьяларды тарта отырып, Орталықта қаржы сотын құруды көздейтін;

Орталықтың қатысушылары үшін Орталық аумағында алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және дивидендтер түрінде алынған кірістер бойынша, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары қызметкерлерінің кірістері бойынша төлем көзіне салынатын жеке табыс салығын төлеуден 10 жылға босатуды көздейтін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.