«Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы» Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21/12 Қаулысы

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 21/12 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шахтинск қаласының әкімі

М. Кыдырганбеков

 

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің

2025 жылғы 22 мамырдағы

№ 21/12 қаулысына қосымша

 

№ п/п

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

1

2

1.

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50, Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.