(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 шешімі

(2025.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 ж. 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025.12.03. № 17-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.01.08. № 19-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.08. № 20-1 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 469 017 629 мың теңге:

салықтық түсімдер - 130 591 801 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 7 702 174 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 36 055 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 330 687 599 мың теңге;

2) шығындар - 469 761 464 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 44 328 867 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 59 361 892 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 15 033 025 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 45 072 702 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 45 072 702 мың теңге:

қарыздар түсімі - 52 528 425 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 12 657 865 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 202 142 мың теңге.

2. 2025 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес және осы шешімнің 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.