«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 107 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы барлық объектілерде мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама мен АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық құжаттама жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:
1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;
2) сынақтан өткізу мен қабылдау кезеңінде объектінің пайдаланылу режимін айқындайды;
3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;